Қазақстан әскерилері Мәскеуде өтетін парадқа карантин шараларын қатаң сақтай отырып дайындалуда

617

Шараға қазақстандық әскери қызметшілер ресейлік тараптың шақыруымен қатысады. 

Қазақстан әскерилері Мәскеуде өтетін парадқа карантин шараларын қатаң сақтай отырып дайындалуда

Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері  Жеңістің 75 жылдығына арналған Мәскеуде әскери парадқа дайындалуда, деп дүйсенбіде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылды. Атап айтқанда, олардың екеуі десанттық–шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. 24 маусымда парадқа қандай есептер қатысатыны, 8 маусымда өтетін соңғы дайындықта белгілі болады", – деп жазылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады. Дезинфекциялық-санитарлық режим күшейтіліп,  күніне кемінде екі рет жеке құрамды медициналық тексеру, сондай-ақ өңдеу, ылғалдандыру және желдету жүргізіледі.

Парадқа қатысатын әскери қызметшілер қалған жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөгде адамдар мен туысқандарының  баруы шектелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу