Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрады

711

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

 Қазақстан әскери өнім экспортын бір жылға тоқтата тұрады

Үкіметтің Telegram парақшасындағы мәліметке сенсек, қатысушылар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылдың тамыз айының соңына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қараған.

Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады.

Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу