Қазақстан әскері үшін елімізде озық технология негізделген қару-жарақ жасалуы керек. Бүгін елбасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдап, осындай тапсырма жүктеді. Кездесуде ведомство басшысы президентке атқарылған жұмыстарының нәтижелерін баяндады. Сондай-ақ, осы саладағы орта мерзімді перспективадағы жоспарлары жөнінінде хабардар етті. Кездесу соңында мемлекет басшысы аэроғарыш қызметін одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Бұған қоса, министрлікке киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге баса назар аудару қажеттігін жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
"Негізгі мақсат біздің әскерімізге керекті қару-жарақты өзімізде шығару. Ол оңай мәселе емес. Сол өндірістер арқылы ғылыми-техникалық прогресс жағын ұйымдастыру. Оны өндіріске үйрету. Екінші ғарыштық мәселе, үшінші кейбір апаттық мәселеге жұмыс істеу."