Қазақстан әскерилері Ливандағы бітімгерлік миссиясына әзірлік үстінде

891

Қазақстандықтар Ливандағы бітімгерлік миссиясына ҮндҚазБат құрамында күзде аттанады.

Қазақстан әскерилері Ливандағы бітімгерлік миссиясына әзірлік үстінде

Қазақстанның бітімгер ротасы Ливанға сапар шегуге қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық "Көк каскаларды" БҰҰ-ның үндістандық бітімгерлік контингентінің тәжірибелі офицерлері дайындап жатыр. Қазақстандықтар Ливандағы бітімгерлік миссиясына ҮндҚазБат құрамында күзде аттанады.

Оқудың теориялық бөлігінде қазақстандық бітімгерлер Біріккен Ұлттар Ұйымының жалпы ережелері және құрылымдарымен, Ливандағы бітімгерлік миссиясының ерекшеліктерімен танысып жатыр. Ал практикада блокпостардағы, бақылау-өткізу бекеттеріндегі қызметтік дағдыларын шыңдайды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу