Бұл шара Қытай ұлттық-азаттық армиясы ұлттық қорғаныс академиясының Қорғаныс мәселелерін зерттеу жөніндегі халықаралық институтында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның атынан форумға Қорғаныс министрлігі Ұлттық қорғаныс университеті бастығының орынбасары – "Қарулы Күштер Бас штабы академиясы" факультетінің бастығы генерал-майор Асқар Жоламанов пен Бас штаб Жедел жоспарлау департаментінің басқарма бастығы полковник Мұрат Өтешқалиев барды.
Форумда Қытайдың жаһандық бастамалары, сондай-ақ Шанхай қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.