Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин отандық астық қандай елдерге жіберілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Батыс Еуропа мен Солтүстік Африкаға шамамен 1,5-2 млн тоннадай кетеді. Батыс Ауғанстан мен Шығыс Иранға да осындай көлем кетеді. Орталық Азияға 6-8 млн тонна. Мысалы, Өзбекстанға барып келдім, 3,5 млн тонна соларға жіберіледі деп келістік. Қырғызстан 500 мың тонна алатын еді, соңғы кезде ала алмай қойды. Биыл ақырындап бастады. Қазір Тәжікстан бидайды жақсы алып жатыр. Қытайға 2 млн тонна жібереміз. Өздеріңіз білесіздер, жылдың басында Иранның нарығына қайтадан келдік. Ол жаққа апарғанымызға 3-4 жыл болған еді. Келесі жылдың басында Шыңжаңда кездесу болады. (Астықты) Гонконг пен Вьетнамға апаратын жоспарымыз бар", – деді Серік Жұманғарин.