Қазақстан астығы Мысыр мен Араб елдеріне экспортталмақ

Ел қамбаларында 20 миллион тоннаға жуық астық бар, оның жартысынан көбі шетел нарығына шығады. 

Қазақстан астығы Мысыр мен Араб елдеріне экспортталмақ Фото: eldala.kz

Бұл туралы ақпаратты ҚР Ауыл шаруашылығы министрі басшысы Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомство басшысы өткен жылы жиналған астық көлемімен қатар, қандай елдерге экспортталу мәселесі қаралып жатқанын атап өтті. 

– Былтыр 26,8 млн тонна астық жиналды. Бүгінгі күні оның бәрі эловаторларға кіргізілген. Оның 8,2 млн тоннасы тасымалданды. Соның 4,8 млн тоннасы экспортқа шықты. Бұл жұмыс ары қарай жалғасуда. Жаңа нарықтар ашылып жатыр, Ресей арқылы да, Балтық елдері арқылы да экспортты жүзеге асырып жатырмыз. Қосымша, Мысыр, Араб елдерінің нарығына шығамыз деп жоспарлап отырмыз. Тиісті келісімшарт жасасуға 17-сі күні (ақпанның – ред.) сол жаққа сапарға шығамыз, – деді Айдарбек Сапаров.

Қазіргі уақытта ел қамбаларында 20 млн тоннаға жуық астық сақталған. Оның 12 миллионын экспорттау қажеттілігі бар. Яғни, 4,8 миллионы экспортталса, бұл жұмыстар әлі де жалғаса бермек. 

Ауыл шаруашылығы министрі астықтар диірмендерге ұн өндіруге және мал азығы ретінде қолдануға жіберіліп жатқанын жеткізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу