Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізу мәселесі талқыланды

299

​Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырға жасаған ресми сапары барысында осы елдің Премьер-министрі Мұстафа Мадбулимен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізу мәселесі талқыланды Фото: Сыртқы істер министрлігі

Келіссөздерде екіжақты ынтымақтастықты нығайту, саяси байланыстарды дамыту, сауда-экономикалық әріптестікті кеңейту, цифрландыру және инвестиция тарту мәселелері қаралды.

Тараптар өзара сенім мен бауырластыққа негізделген қарым-қатынасты одан әрі тереңдетудің маңызын атап өтіп, бірқатар бағыт бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында Қазақстан астығын Мысыр нарығына тікелей жеткізу жолдары талқыланды. Бұл ретте Транскаспий халықаралық көлік бағытының, яғни Орта дәліздің мүмкіндіктерін пайдаланып, астық тасымалын қолдаудың кешенді тетіктерін іске қосу мәселесіне назар аударылды.

Энергетика және экология салаларындағы ынтымақтастық та күн тәртібіне енді. Атап айтқанда, Мысырдағы "Эль-Дабаа" атом электр стансасының құрылысы мен Қазақстанның бейбіт атом бағдарламасы аясындағы уран өндірісі бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.

Сонымен қатар тараптар БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру бастамасын бірлесіп ілгерілетуге келісті.

Кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды жедел жүзеге асыру үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құру туралы шешім қабылданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу