Қазақстан астығының алғашқы партиясы Хошимин портына жөнелтілді

949

Қазақстан астығының алғашқы партиясы Хошимин портына жөнелтілді

Жалтыр станциясынан  Хошимин портына "ҚТЖ" ҰК" АҚ контейнерлерімен астық жөнелтілді. Жүк Ляньюнган порты арқылы өтеді.

Алғашқы  астық жөнелтілімі "KTZ Express" АҚ еншілес кәсіпорын мен "Ляньюнган қаласындағы Қытай-Қазақстан халықаралық логистикалық компаниясы" ЖШҚ-мен бірлесіп ұйымдастырылды, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

 "KTZ Express" АҚ вице-президенті Ержан Құлақов астықтың қап-қаппен контейнерлерде тасымалданып жатқанын айтып кетті. Мұндай тасымалдау вагондап жөнелтуге қарағанда Достық станциясында контейнерлерді тиеу процедурасының уақытын қысқартады.

"Қазақстан бүкіл әлем бойынша астық тасымалдайтын ең ірі 10 экспорттаушының қатарына кіреді. Жыл сайын экспортқа орта есеппен 8 млн тонна бидай шығарылады. Бұл орайда жүзеге асып жатқан алғашқы жөнелтім экспорттық қатынаста астық тасымалдаудың көлемін арттыруына жағдай жасайды", – деді Ержан Құлақов.

Ержан Құлақов сонымен қатар  Ляньюнган портындағы ортақ логистикалық терминал  Қазақстанның Қытайдағы ең ауқымды инвестициялық жобаларының бірі екенін айтты. Терминал "ГК Порт Ляньюньган" ЖШҚ  және "ҚТЖ" ҰК" АҚ еншілес компаниясы – "KTZ Express" АҚ мультимодальдік компанияның  ортақ кәсіпорны.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу