Қазақстан 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп.
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ мәліметінше, былтыр осы аралықта шетелге 12,4 млн тонна астық және ұн жөнелтілген.
Экспорттың өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жеткізілімдердің артуы әсер еткен.
Мәселен, Өзбекстанға астық экспорты 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға жөнелтілім 35%-ға артып, 528 мың тоннаны құрады.
Ал Ауғанстанға экспорт 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаға, Түрікменстанға 32%-ға артып, 220 мың тоннаға жеткен.
"Қазақстан темір жолы" мәліметінше, жүк тасымалының өсуі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жұмыстарының нәтижесін көрсетеді.