Қазақстан астық экспортын 58,4%-ға арттырды

253

Бұл ақпаратты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы таратты.  

Қазақстан астық экспортын 58,4%-ға арттырды Фото: grainunion.kz

2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстаннан жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл 2023-2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық.

Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан – 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан – 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан – 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан – 238 мың тонна (+96%), Иран – 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан – 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).

Осыған дейін Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға жеткізілгенін хабарлаған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу