Қазақстан астық пен ұн экспортына шектеу енгізеді

1644

Сондай-ақ, ҚР АШМ ұнды экспорттау бойынша тыйымды алып тастап, оның орнына ұнды республикадан тыс жерге шығаруға шектеу қояды.  

Қазақстан астық пен ұн экспортына шектеу енгізеді

Еліміздің астыққа деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында (оның ішінде азық-түлік көлемін сақтау және тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу үшін) ҚР АШМ төтенше жағдай кезінде бидай экспортына шектеу енгізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Осыған орай, енді бидай мен ұн экспорты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ай сайынғы белгілеген квота шеңберінде жүзеге асырылады.

Квоталарды бөлу мен олардың көлемі алдағы уақытта ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет ресурсында орналастырылады.

Сондай-ақ, ҚР АШМ баспасөз қызметі республикада қанша астық көлемі бар екенін жариялады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2020 жылдың 1 наурызындағы ақпаратқа сәйкес Қазақстанда 9,2 млн тонна, оның ішінде азық-түлік – 6,4 млн тонна, тұқымдық – 1,5 млн тонна, жемдік – 1,3 млн тонна астық бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу