"28 қараша Орынборда қос Президент жетекшілік ететін форум өтеді. Ресей тарапы келіссөздер жүргізуді сұрады. Біз жақтан үлкен делегация барады, мен өзіммен Ресей арқылы транзитпен өтуге мүдделі кәсіпкерлерді алып барамын. Ресей тарапы да өз кәсіпкерлерімен келетіні сөзсіз. Бұл мәселені әлі де талқылаймыз", — деді Сауда министрі Серік Жұманғарин.
Бұған дейін "Ресей темір жолдары" Қазақстаннан астық тасымалдау тарифтерін төмендетуді сұраған болатын. Бұл ретте Қазақстан тарапы соңғы 4 жылда тариф өзгермегенін хабарлады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу