Қазақстан ӘТК кораблі Әзербайжанның су айдынына жорыққа шықты

1022

Корабль экипажы байқаудың негізгі эпизодтары бойынша теңіздегі алғашқы жаттығуын өткізді.

Қазақстан ӘТК кораблі Әзербайжанның су айдынына жорыққа шықты

Қазақстан ӘТК "Маңғыстау" зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы "Теңіз кубогы-2019" халықаралық байқауы шеңберінде Каспий теңізінің су айдынында Әзербайжан ӘТК  жауынгерлік даярлық полигондарына штурмандық таныстырылым жорығына шықты, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери теңізшілер көрсетілген ауданда байқау эпизодтарының орындалуын есептеп, рейдтік жабдықтың орнатылуын, навигациялық қоршауларды тексерді, оқ атуға арналған нысаналарды қарап шықты. 

"Теңіз кубогы – 2019" – бұл Армиялық халықаралық ойындар бағдарламасының бір байқауы. Сайыс Әзербайжан ӘТК "Пута" әскери-теңіз базасында тамыздың 5-і мен 15-і аралығында өтеді. Әскери теңізшілерге теңіз және әуе межелерін жоя отырып, оқ атуда өздерінің шеберліктері мен дәлдіктерін паш етеді.

Корабльді зәкірге және арқанға байланатын бөшкеге қою, теңізшілердің құтқару дайындығы, сондай-ақ корабльдің жандылығы үшін күресу жекелеген кезең болмақ.  

Сайысқа барлығы төрт елдің: Әзербайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының командалары қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу