4 шілдеге қараған күні түнде Италияның Неаполь қаласындағы Сан-Паоло стадионында Бүкіләлемдік жазғы Универсиаданың ресми түрде ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ашылу салтанатына 900-ге жуық адам қатысты. Универсиада алауын жергілікті "Наполи" футбол клубының капитаны Лоренцо Инсинье жақты. Сондай-ақ, ашылу салтанатында Андреа Бочелли ән шырқап, жиын соңы отшашуға ұласты.
Қазақстан атынан Универсиада ойындарына 94 спортшы аттанды. Бүгін, 4 шілде күні, біздің құрама спортшылары жарысты бастайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу