Қазақстан ауа сапасы рейтингісінде нешінші орында?

1511

Әлемдегі ең лас ауа – Бангладеш, Пәкістан және Үндістанда, ең таза – Пуэрто-Рикода.

Қазақстан ауа сапасы рейтингісінде нешінші орында?

Қазақстан ауа сапасы рейтингісінде 106 елдің арасында 32-орынға ие болды (рейтингте бірінші орын – ең төмен көрсеткіш, соңғысы – ең жоғары), деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Елдегі ауаның ластану деңгейі – 21,9 µg/m³, өткен жылғы көрсеткіш – 23,6 µg/m³. Бұл ластанудың орташа деңгейі болып саналады. Алматыдағы 2020 жылғы орташа жылдық көрсеткіш – 39,3 µg/m³, Нұр-Сұлтанда – 21,9 µg/m³.

ТМД елдері арасында Украина, Түрікменстан және Ресейдің жағдайы Қазақстанға қарағанда жақсы, ал рейтингтегі Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Арменияның көрсеткіштері төмен.

2021 жылғы қаңтар-қазанда елде 611 қылмыстық экологиялық құқықбұзушылық тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда 2,4%-ға аз.

2020 жылғы 9 айда Қазақстанда 626 қылмыстық экологиялық құқықбұзушылық тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда 50,9%-ға аз. Экология саласында құқықбұзушылықтар саны жылдан жылға азайып келеді. 2017 жылы бұл көрсеткіш 1,6 мың болған.

Экологиялық құқықбұзушылық Атырау облысында ең көп тіркелген (105 дерек). Өткен жылғы көрсеткіш – 101, жылдық өсім – 4%.

Антилидерлердің үштігіне Маңғыстау (78 дерек) және Алматы (70 дерек) облыстары енді. Елордада құқықбұзушылықтар аз тіркелген (4 дерек, өткен жылғы көрсеткіш – 7). 

Ел бойынша тіркелген барлық құқық бұзушылықтың үштен бірі сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген. Сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерімен заңсыз айналысумен байланысты. 207 дерек, өткен жылмен салыстырғанда 7,2%-ға аз.

Сонымен қатар балық, су жануарларын заңсыз аулау және өсімдерді заңсыз жолмен алу (167 құқықбұзушылық), заңсыз аң аулау (80 құқықбұзушылық) дерегі тіркелген.

Ауаның ластануына қатысты 2 құқықбұзушылық анықталған, өткен жылғы көрсеткіш – 3. 

2020 жылы пандемия және карантин шектеулеріне қарамастан атмосфераға ластаушы шығарындылар саны бір жылда 1,7% немесе 2,4 млн тоннаға дейін қысқарған.

Шығарындылардың басым бөлігі Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына тиесілі. Олардың үлесінде ел бойынша барлық шығарындының 61,6%-ы тиесілі.

Шығарындылардың барлық көлемінің 7,1 млн тоннасы ғана кәдеге жаратылған, өткен жылғы көрсеткіш – 8,3 млн тонна. Атмосфераға тазартылмай шығарылған заттың көлемі –  1,6 млн тонна, өткен жылмен салыстырғанда 5,4%-ға аз.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу