Жыл сайын әлем бойынша 800 мың адам көмірдің кесірінен көз жұмады. Бұл Powering Past Coal халықаралық көмір альянсы жасаған зерттеудің нәтижесі, деп хабарлайды Atameken Business.
Ауаның ластануына да қатты отынның тигізетін зияны көп. Атмосфера сапасының индексіне сараптама жасайтын арнайы сайт бар – Air Quality Life Index деп аталады. Бұл жерде ауасы ластанған мемлекеттерді көруге болады.
Ал біздің еліміз көмірден бас тартуға дайын ба? "Тау-кен өндіруші және металлургия кәсіпорындары" РҚ атқарушы директорының бірінші орынбасары Төлеген Мұқанов пен Сарыадыр көмір разрезінің бұрынғы басшысы Марат Нәбиев пікір білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу