Қазақстан әуе компанияларының бағасы шетелдіктерге қарағанда тиімді – ИИДМ

617

Қазақстандық авиакомпаниялардағы билет құны шетелдік әуе тасымалдаушылармен салыстырғанда тиімді және қолжетімді. Ең бастысы – сапарды алдын ала және дер кезінде жоспарлаған жөн. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Қазақстан әуе компанияларының бағасы шетелдіктерге қарағанда тиімді – ИИДМ

Министрліктің талдауына сүйенсек, Fly Arystan лоукост-әуекомпаниясы, шетелдік әуе компанияларымен салыстырғанда, бірнеше бағыт бойынша тиімді баға ұсынады. Мәселен, 6 қыркүйектегі Түркістан – Стамбұл бағытындағы билет құны 86 482 теңге. Ал осымен бірдей қашықтықтағы "Turkish Airlines" компаниясы Нұр-Сұлтан – Анталия арасына 1 қыркүйекте билет бағасын 286 823 теңгеге белгілеген.

Бұл бағытта қазақстандық "Эйр Астана" компаниясы, 1 қыркүйекте ұшатын болсаңыз, 186 474 теңге мөлшерінде алады. 

"Барлық әуе компаниясы динамикалық баға саясаты жүйесін қолданады. Мәселен, ертерек брондалған билет құны ұшу алдында алынған билет бағасынан бірнеше есе төмен", – деп хабарлайды ведомстводан. 

Отандық және шетелдік әуе компанияларындағы тариф құны кестеде толығырақ көрсетілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу