Қазақстан әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қайта ұша бастайды

129

Бұл туралы Air Astana әуекомпанияның баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қайта ұша бастайды Фото: inbusiness.kz

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтіліп отыр, барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген:

KC205 Астана-Дубай, 11:00
KC206 Дубай-Астана, 16:40
KC653 Алматы-Доха, 11:00
KC654 Доха-Алматы, 15:05
KC897 Алматы -Дубай, 11:15
KC898 Дубай-Алматы, 16:10

"Сондай-ақ ең сыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындалады. Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалады", – деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу