Қазақстан әуежайларында тәжікстандықтар тексерілуі мүмкін

469

Тәжікстан азаматтары өзге елге кетер алдында өздерімен бірге барлық құжаттарды алып жүрулері қажет. 

Қазақстан әуежайларында тәжікстандықтар тексерілуі мүмкін Фото: РБК

Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Қазақстанға сапар шегуді жоспарлап отырған өз азаматтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қазақстанның халықаралық әуежайларында енгізілген қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты Тәжікстан азаматтары кетер алдында өздерімен бірге барлық құжаттарды алып жүрулері қажет.

"Қазақстанға келгеннен кейін шекаралық және кедендік бақылаудан өту кезінде тексерулер жүргізген жағдайда Тәжікстан азаматтары сапардың мақсаты мен мерзіміне, тұрғылықты жеріне, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының болуына байланысты сұрақтарға жауап беруге, қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын ұсына отырып, дайын болуы қажет", - деп мәлімдеді министрлікте.

Қиындықтар туындаған жағдайда Тәжікстан азаматтары Қазақстандағы Тәжікстан елшілігіне +7 776 176 00 43 нөмірі немесе Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулдығына +7 777 588 31 15 нөмірі бойынша жүгінуі қажет.

Сәуір айында Тәжікстан СІМ өз азаматтарына Ресейге барудан бас тартуды ұсынғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу