Қазақстан ауған нарығына қайтадан бидай мен ұн шығара бастады

654

Қыркүйек пен қазан айының басында аталған елге 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. 

Қазақстан ауған нарығына қайтадан бидай мен ұн шығара бастады

Қазақстандық медиа-порталдардың бірінің мақаласында көрсетілген нақтыланбаған мәліметтерге, сондай-ақ қате және арандатушылық тұжырымдарға байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық астық пен ұнды Ауғанстанға өткізу саласындағы өзекті жағдайға қатысты ресми ақпаратты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Ведомство дерегінше, жыл сайын Қазақстан әлемнің түрлі елдеріне экспортқа 7-8 млн тонна астық пен ұн жібереді. 

"Бұл ретте Ауғанстан қазақстандық бидай мен ұнды өткізудің басты және дәстүрлі нарықтарының бірі болып табылады. 2020 жылы бұл елге 3,2 млн тонна емес, елде өндірілген 2 млн тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн жөнелтілді", – деп түсіндірді министрлік. 

QazTrade деректері бойынша, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін 300 ұн экспорттаушының 183-і өзге нарықпен және ауған нарығымен де өзара іс-қимыл жасауда. Тағы 49-ы тек Ауғанстанға жүк жөнелтумен айнлысады. Экспорттаушылардың жолға қойылған көлік дәліздері мен жаңа билік кезінде де жұмысын жалғастырып жатқан бизнес-байланыстары бар. Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Солтүстік Ауған провинциялары – Балх, Бағлан, Тахар және Құндыз, сондай-ақ астаналық аймақ және Қабул қаласы пайдаланатынын айта кету керек.

"Ауғанстандағы саяси ахуалдың өзгеруі шынымен де барлық әріптес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен сауда операцияларының тоқтатыла тұруына алып келді. Біраз уақыт бойы банкаралық транзакциялар мен теміржол вагондарын жеткізу мүмкін болмады, өйткені иелері олардың саұталуы мен қайтарылуы үшін қорықты. Алайда, қазіргі уақытта мәселелер шешілді: транзакциялар үшінші елдердің банктері арқылы жүзеге асырылады, вагондарды жөнелту қалпына келтірілді", – деп жазылған хабарламада. 

Қыркүйек пен қазан айының басында Қазақстаннан Ауғанстанға 60,2 мың тонна ұн мен 15,6 мың тонна астық жөнелтілді. Кейін жеткізу қарқыны артатын болады.

Экспорттық баждарды енгізуге келетін болсақ: бұл мәселе бұрын талқыланды, бірақ Мемлекет басшысы биылғы жылдың қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан облысына сапары кезінде  бұл шаралардың уақытынан бұрын жасалғандығы туралы пікір білдірді.

"Бұл ретте, ұн тартушылар үшін өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында тиісті жағдайлар жасалатын болады. Мысалы, экспорт кезінде ҚҚС-ты жедел қайтару. Өңделген өнімді тасымалдауға мемлекеттік қолдау шаралары да қарастырылған. Экспортқа шектеулер енгізу табиғи жағдайларға байланысты өткен жылмен салыстырғанда төмен өнім алған фермерлердің қаржылық жағдайына әсер ететіндігін атап өткен жөн. Сонымен қатар, аграрийлер  шындығында өнімділікті арттыру бойынша жұмысты күшейтуілері тиіс. Бұл ауыспалы егісті сақтау, тыңайтқыштарды енгізу көлемін арттыру және заманауи технологияларды енгізу. Тиісті қолдау шаралары Үкімет жақында мақұлдаған 2021-2025 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту жөніндегі Ұлттық жобада көзделген", – деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу