Қазақстан ауған студенттерін өз аумағынан қумайды – ҚР ІІМ

628

Қазақстан виза мерзімі аяқталған ауған студенттерін ел аумағынан шығармайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстан ауған студенттерін өз аумағынан қумайды – ҚР ІІМ

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес аталған шетелдік студенттер (Ауғанстаннан) 31 тамызға дейін Қазақстан аумағында болуға құқылы. Қазіргі уақытта оларды елден шығару туралы мәселе қаралып жатқан жоқ", - деп хабарлады ІІМ-нен.

"Қазір осы шетелдік азаматтардың Қазақстанда заңды болуы мәселесі пысықталып жатыр", - деп толықтырды ведомстводан.

Бұған дейін БАҚ Қарағандыдағы ЖОО-да білім алған 11 ауған түлегі қазақстандық биліктен Қазақстанда қалуға рұқсат сұрайтынын жазған болатын.

Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда Ауғанстаннан келген 102 студент оқып жатыр. Бұдан бұрын СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстанда жағдай тұрақталса, ол жақтың студенттері Қазақстанға келе алатынын мәлім еткен еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу