Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

807

Ол үшін мемлекеттік материалдық қордағы бронның күші жойылмақ.

Қазақстан Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Үкімет осындай шешім қабылдады. Бұл ақпарат еліміздің нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды.

Құжат бойынша, Ауғанстанға 500 – төсек қабы, 10 – орындық 50 – қысқы шатыр, 500 –жиналмалы кереует, 500 матрас, жастыққаптар, жастықтар, төсек жаймалар мен көрпелер жеткізіледі. Сонымен қатар жылы 500 дана күртке мен шалбар, тоқылған 400 бас киім жіберіледі.

Өзбекстанға гуманитарлық көмек ретінде 600 тонна – бидай ұны, 250 тонна –қарақұмық, 100 мың литр – өсімдік майы, 50 мың консервіленген сүт банкасы жеткізілмек.

Енді еліміздің Сыртқы істер министрі ресми гуманитарлық көмек нақты кімдерге көрсетілетінін анықтап, оның жүзеге асуын қадағалауға тиіс. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүктердің жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу