Қазақстан Ауғанстанда кен орындарын игеруге ниетті

1099

Бұл туралы ИИДМ вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты. 

Қазақстан Ауғанстанда кен орындарын игеруге ниетті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің вице-министрі Тимур Тоқтабаев Ауған нарығын игеру жөніндегі Қазақстан жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды LS.

Вице-министр атап өткендей, бүгінде Қазақстан негізінен Ауғанстанға тауарлардың төрт түрін: бидай, ұн, зығыр тұқымы мен газды экспорттайды.

"Дегенмен біздің тағы 24 тауар позициясын экспорттайтын әлеуетіміз бар. Министрлік тиісті жұмыстар жүргізуде. Қазір Өзбекстанмен, Түрікменстанмен және Ауғанстанның өзімен қазақстандық экспорттық өнімді сонда орналастыру үшін біздің терминалдық қуаттарымызды жүктеу мәселесі қаралып жатыр. Ауғанстан аумағында жаңа жүк терминалдарын салу жоспарлануда. Теміржол және автомобиль көлігі бойынша қазіргі таңда бірлескен перспективалық жобалар тізімі дайындалып, министрліктер арасында тиісті қағаздар жөнелтілді. Бүгінде біз ауған тарапынан жауап күтіп отырмыз", – деді Тоқтабаев.

Ол сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласында ынтымақтастықтың үлкен болашағы бар екенін айта кетті.

"Ауғанстанда мұнай, мыс, бериллий, марганец және қалайының үлкен қоры бар. Қазіргі уақытта "ҚазМұнайГаз" және "Қазгеология" мұнай-газ кен орындарын игеруге бағытталған әлеуетті жобаларды іріктеу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Осы бағыттардың барлығы бойынша жұмыстар жүргізілуде, жақын арада жақсы нәтижелер болады деп күтеміз", – деп атап өтті вице-министр.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Ауғанстанға жалпы экспорт 520 млн долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу