Қазақстан Ауғанстанға 26 вагон гуманитарлық көмек жіберді

127

Бұл туралы Қазақстандық халықаралық даму агенттігі мәлім етті.

Қазақстан Ауғанстанға 26 вагон гуманитарлық көмек жіберді Фото: KazAID

24 қыркүйекте Төтенше жағдайлар министрлігі KazAID Қазақстанның халықаралық даму агенттігі қолдауымен Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі партиясын теміржол арқылы жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің мәліметінше, барлығы жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық жүк жіберілді. Олардың ішінде шатырлар, қант, көрпелер, ет консервілері және ұн бар.

Еске салайық, 2025 жылғы сәуір айында да гуманитарлық көмек жіберілген болатын: дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар және жеке қорғаныс құралдары тиелген жүк әуе арқылы жеткізіліп, оның жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құрады.

Қазақстан тату көршілік қатынастарды дамыту бағытын ұстанып, өңірдегі гуманитарлық тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрі қарай да атсалысуға дайын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу