Еліміз Ауғанстанға рельс, шпал басқа да теміржол құрылысына қажетті материалдарды жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Иә, бізде мұндай жоба бар. Өздеріңіз білетіндей, Солтүстік-Оңтүстік халықаралық көлік дәлізі өте перспективалы бағыт және Герат аймағындағы алғашқы учаскелердің бірі. Осы орайда рельс, шпал шығаратын отандық компанияларды қатыстыруды, яғни жеткізуді жоспарлап отырмыз", – деді Мақсат Қалиақпаров.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде Ауғанстанда теміржол салған қазақстандық компания бар.
"Ол жақта жобасын жүзеге асырып жатқан отандық Integra компаниясы бар. Компания Ауғанстан мен Иран арасында Ауғанстан қаражаты есебінен теміржол салды. Бұл жоба іске асырылды және біз осы тәжірибені одан әрі қолдануды жоспарлап отырмыз. Бірінші кезеңде біз материалдарды жеткізу бойынша келіссөздер жүргіземіз. Бүгінгі таңда келіссөздер жүріп жатыр, бірақ іс жүзінде әлі құжаттар жоқ", – деп толықтырды министрдің орынбасары.