Қазақстан Ауғанстанға вакцина жібереді

793

Мемлекет басшысы "Otarbiopharm" иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтика зауытына барды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Ауғанстанға вакцина жібереді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Қордай ауданындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтына қарасты "QazVac" вакцинасын шығаратын биофармацевтика зауытының қызметімен танысудан басталды.

Президентке вакцина өндірісінің технологиялық желісі, зертханалық жабдықтар мен мобильді реакторлар көрсетілді.

Институттың бас директоры Күнсұлу Закария Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтын одан әрі дамыту жоспары туралы баяндады.

Зауыт өндірістік тәжірибе бойынша халықаралық стандарттарға (GMP) сай келетін иммунобиологиялық дәрі-дәрмектер, оның ішінде коронавирус індетіне қарсы вакцина, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлы дерматитке және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар шығаратын болады.

Жылына биофармацевтика препараттарының 30-дан 60 миллионға дейін дозасын әзірлеу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны – 15,6 миллиард теңге.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 16 қыркүйек күні 100 мың доза көлемінде вакцина құю өндірісі іске қосылғаны туралы мәлімет берілді.

ТМД елдері арасында Қазақстан мен Ресей ғана COVID-19 індетіне қарсы вакцина өндірісін жолға қойған.

Президент зауыт қызметкерлерімен әңгімелесу барысында жобаның маңыздылығын атап өтіп, отандық вакцинаның коронавирус індетіне қарсы күреске және халықтың денсаулығын күшейтуге зор үлес қосатынына сенім білдірді.

– Баршаңызды құттықтаймын. Шын мәнінде, бұл – үлкен жетістік. Еліміз үшін қажетті өндіріс. Негізгі жұмыс орындалды. Бәрі дұрыс. Келесі жылы осы жұмысты жалғастырамыз. Вакцина өте тиімді. Гуманитарлық көмек ретінде бұл вакцинаны Ауғанстанға және басқа да мұсылман елдеріне жібереміз. Вакцинамыз дүние жүзінде мойындалып жатыр. Сондықтан баршаңызды құттықтаймын! Ризашылығымды білдіремін. Бұл – өте күрделі процесс, өндіріс. Шын мәнінде, дүниежүзінде, шетелде мұндай өндіріс жасау үшін үш-төрт жыл кетеді. Біз тоғыз айдың ішінде жұмысты орындадық. Сондықтан еңбектеріңіз мемлекет тарапынан жоғары бағаланады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы "2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді

2021 жылғы 04 қазан

[Президент Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді]

Жарлық

2021 жылғы 30 қыркүйек

М.К. Сүлейменовті І дәрежелі "Барыс" орденімен наградтау туралы

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу