Ауғанстан Қазақстан үшін ұн өткізудің басым нарығы, ол осы тауар жалпы экспорт көлемінің 70% -ын құрайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Өткен жылы ұн жеткізу көлемі 52% (2021 жылы 895 126 тоннадан 2022 жылы 1,3 млн тоннаға дейін), бидай – 20%– ға (2021 жылы 571 704 тоннадан 2022 жылы 686 729 тоннаға дейін), күнбағыс майы – 6,2 есеге (2021 жылы 2825 тоннадан- м 2022 жылы 17 576 тоннаға дейін), артып, биылдан бастап қара бидай жөнелтіле бастады. Сондай-ақ, Қазақстан Ауғанстанға бидай, күнбағыс майы, зығыр тұқымын жеткізеді. Жақында Ауғанстанға экспорт әртараптандырылып, дәрілік заттар, тыңайтқыштар жөнелту мен жалға беру тұрақталды.
"Ауғанстан Орталық Азияның барлық елдерінің ішінде Қазақстанмен ең көп сауда жасайды. Өткен жылы өзара тауар айналымы $1 млрд - қа жетті. Алдағы жылдары біз бұл көрсеткішті $3 млрд-қа дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді СИМ вице-министрі Қайрат Төребаев.
Ауғанстан Орталық Азияның көлік дәлізі болып табылады Ауғанстан Орталық Азия, Үндістан және Парсы шығанағы елдері арасындағы байланыстырушы көпір болып табылады. Қазақстанға Карачи және Гвадар теңіз порттарына, одан әрі Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне, Африкаға шығу мүмкіндігін ашады. Бұл қазақстандық экспорттаушылар үшін де сауда үшін де жаңа және өте тартымды нарықтар.
Еске салар болсақ, Ауғанстан Үкіметі мен бизнес өкілдерінің делегациясы Қазақстанға келеді. 2023 жылғы 3 тамызда Астанада алғашқы Қазақстан-ауған бизнес-форумы, ал 4-5 тамызда Ауған тауарларының көрмесі өтеді.