Қазақстан Ауғанстанның дамуына көмектесуді жалғастырады - СІМ

701

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-тың Ауғанстанды бітістіру жөніндегі арнайы өкілі Залил Халилзадты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz  СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Ауғанстанның дамуына көмектесуді жалғастырады - СІМ

Кездесу барысында тараптар Ауғанстандағы ағымдағы жағдайды және ауғанаралық диалогты жолға қою процесін талқылады.

"Қазақстан Ауғанстанды дамытуға, оның ішінде Орталық Азия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі тетігіне айналған С5+1 форматы шеңберінде жәрдемдесу бойынша күш-жігерін салуды жалғастырады", - деп мәлімдеді кездесуде М.Тілеуберді.

Тараптар ауған бағытындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу