Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзиттік тасымал көлемі артты

1909

Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі 1,8 мың ЖФБ құраған, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 15 есеге көп.

Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзиттік тасымал көлемі артты

Биылғы жылдың басынан Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік транзиттік тасымал 351,6 мың ЖФБ (жиырмафуттық балама) құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, 38% көп.

"Қытай/Азия – Еуропа – Қазақстан – Қытай/Азия – Қытай/Азия негізгі контейнерлік транзит бойынша қарқын сақталып, Орталық Азия елдерімен қатынастағы контейнерлік тасымал 51% артып отыр",­– деп хабарлады "ҚТЖ" баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағы бойынша контейнерлік транзиттік тасымал өзге де бағыттар бойынша өскен. Атап айтқанда, Траскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша 2,9 мың ЖФБ контейнері жеткізілсе, бұл өткен жылғыдан 60% артық.

Бұл ретте, "ҚТЖ" ҰК" АҚ сенімді басқаруындағы Ақтау порты арқылы контейнерлік тасымал көлемі 1,8 мың ЖФБ құраған, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңінен 15 есеге көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу