Қазақстан аумағы арқылы Ресей мұнайының қанша тоннасы тасымалданады?

266

Көршілес елден Өзбекстанға да мұнай тасымалданады.

Қазақстан аумағы арқылы Ресей мұнайының қанша тоннасы тасымалданады? Фото: the-tenge.kz

Қазақстан Баку-Супса бағыты бойынша мұнай жеткізу мүмкіндігін талқылауды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжілісте өткен Үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Каспий құбыр консорциумы – Қазақстан мұнайын экспорттаудың ең сенімді және тиімді бағыты. 

"Жобаны әзірлеудің барлық кезеңі бойынша инвестицияның жалпы көлемі – 8,4 млрд доллардан астам. Бүгінгі таңда айдау көлемін жылына 67-ден 81,5 млн тоннаға дейін арттыруға техникалық мүмкіндік бар, оның ішінде Қазақстан учаскеcі үшін жылына 53,7-ден 72,5 млн тоннаға дейін. 2024 жылға күтілетін экспорттау болжамы шамамен 88,4 млн тонна мұнай өндіру кезінде 68,8 млн тонна болуы мүмкін. 2024 жылы Ресей мұнайын транзиттік тасымалдау жоспары Қытайға – 10 млн тонна, Өзбекстанға – 200 мың тонна", – деді ведомство басшысы.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің мәліметінше, 2023 жылдан бастап Германиядағы Шведт мұнай өңдеу зауытына "Дружба" жүйесі бойынша жеткізілімдер де жүргізілді. Биыл Шведтке 1,4 млн тонна мұнай экспорттау жоспарланып отыр.

"Қазіргі уақытта Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты ең перспективалы бағыттардың бірі болып табылатынын айта кету керек. Өйткені осы бағыттағы Қазақстан мұнайын жеткізу көлемін дамытуға және жүйелі түрде арттыруға біздің тарапымыздан да, әзербайжан әріптестеріміздің тарапынан да қызығушылық бар. 2024 жылға Баку-Тбилиси-Джейхан маршруты арқылы 1,5 млн тонна Қазақстан мұнайын жеткізу жоспарлануда. Осы маршрут бойынша жеткізу көлемін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайту перспективалары зерттелуде. Баку-Супса мұнай құбырының мүмкіндіктері қарастырылуда. Өткізу қабілеті жылына 5 млн тоннаны құрайды, жеткізудің мүмкін көлемі жылына 3 млн тоннаға дейін жетеді. Бұл маршрутты пайдалану мәселесі пысықталуда және талқылануда", – деді ол.

Ведомство басшысы ұзақ мерзімді перспективада Ескене-Құрық мұнай құбырын салу мәселесі де пысықталып жатқанын айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу