Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды

185

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.  

Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды Фото: inbusiness.kz

Қазақстан аумағына шет елдерден бидай әкелуге тыйым салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Министрлік мәліметінше, осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бидай импорты 1,3 млн тоннаны құраған. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы импорттың жылдық көлеміне тең. Сондай-ақ Қазақстанда өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті деңгейде.

“Ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының аумағы арқылы бидайдың транзитін қоспағанда, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін бидайды Қазақстан Республикасының аумағына көліктің барлық түрлерімен әкелуге тыйым салу туралы шешім қабылданды”, – делінген министрлік хабарлмасында. 

Бұйрық 21 тамыздан бастап қолданысқа енгізіліп, 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу