Қазақстан аумағына бидай әкелуге жарты жылға тыйым салынады

353

Алайда ел аумағы арқылы бидайды темір жол көлігімен транзиттік тасымалдауға шектеу қойылмайды.

Қазақстан аумағына бидай әкелуге жарты жылға тыйым салынады Фото: inbusiness.kz

"Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль және темір жол көліктерімен бидай әкелуге тыйым салу туралы" бұйрық өз күшіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Құжатта көрсетілгендей:

Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен;

2023 жылғы 25 қыркүйекте лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің және құс шаруашылығы кәсіпорындарына бидай әкелуді қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен темір жол көлігімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды.

Бұл ретте, бидайды әкелуге енгізілген тыйым екі жақты түсіндіруді қажет қылмау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің 30.10.23 жылғы № 372 бұйрығымен Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға тыйым салмау бөлігінде АШМ-нің 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 337 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу