Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты осы жылдың бірінші жарты жылдығына арналған баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды elorda.info.
Сот төрағасы Уәлихан Рахматуллаевтың айтуынша, бірінші жартыжылдықта 16498 іс қаралған. Оның 15857-сі жеке тұлғаға қатысты қаралған әкімшілік іс болып саналады.
"Ескерту шаралары бойынша 137 адам әкімшілік жауапқа тартылып, 11806 жеке тұлғаларға қатысты айыппұл салынды. Ал 399 адам қамауға алынса, 1767 адам көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру түрі ретінде жауапқа тартылды.
Сондай-ақ, заңдылықты бұзғаны үшін 967 шетелдік Қазақстан республикасынан шығарылып, 780 іс тоқтатылған. Бұдан бөлек, ӘҚБК 44 тарауы бойынша 305 іске шағым түскен және 47 тарауы бойынша 22 шағым келтірілген. Сонымен қатар, ӘҚБК 434 бабына қатысты істердің саны өсіп отыр", – дейді ол.
Уәлихан Ғабитұлының айтуынша, мемлекеттік органдардың іс-әрекеттеріне 119 шағым келіп түскен. Оның 532 апелляциялық шағымдар мен наразы азаматтардың арызы болып саналады. Сөз соңында сот төрағасы БАҚ өкілдеріне алғысын айтып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға ниетті екенін жеткізді.