Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынды

781

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің №690 бұйрығы 9 желтоқсаннан бастап күшіне енді. Бұл шектеу 2019 жылдан бастап енгізіліп, әр 6 ай сайын ұзартылып келе жатыр. 

Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынды Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Индустриялық даму комитетінің құрылыс индустриясы және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының хабарлауынша, бұл отандық өндірушілерді қолдауға, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

"Осы тыйым отандық тауар өндірушілерді, ағаш өңдеушілерді және жиһаз өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындарды қолдау мен республикадағы орман қорын сақтау мақсатында енгізіліп отыр. Егер де орман қоры Қазақстан аумағының шамамен 15%-ын алып жатқанын ескерсек, онда өңдеуге тек 4-5%-ы ғана берілетінін ұмытпау қажет. Бұл орайда қоршаған ортаны қорғап, орманды алқапты ұлғайту үшін елімізден ағаш материалдарын әкетуге тыйым салынатынын ескерткіміз келеді. Ресми статистика бойынша биыл елімізден шет мемлекеттерге орман ағаштары шығарылған жоқ", - деді басқарма басшысы Мұхамед Андаков.

Ақпаратқа сәйкес, аталмыш бұйрық ЕАЭО СЭҚ ТН 4406910000 кодына сәйкес "Теміржол немесе трамвай жолдарына арналып, қылқан жапырақты тұқымдардан жасалған сіңірілген ағаш шпалдарын" есепке алмағанда, ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) ел аумағынан әкетуге тыйым салуды көздейді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу