Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

1879

ҚР ИИДМ-нің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 564 сәйкес бұйрығы 18 тамыздан бастап күшіне енді.

Қазақстан аумағынан ағаш материалдарын шығаруға тыйым салынды

Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге 2019 жылғы 18 тамыздан бастап алты ай мерзімге тыйым салынды. ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі осылай хабарлады.

Аталмыш тыйым егер ЕО елдерінде ағаш материалдары-тауарлары экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделсе және ҚР  аумағы арқылы үшінші елдерге толассыз транзитпен өтетін болса қолданылмайды. Сондай-ақ, ҚР аумағындағы кету пункті арқылы үшінші елдерге өткізумен ЕАЭО елдерінде ағаш материалдары-тауарлары экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделетін болса да бұйрықтың күші жүрмейді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, күшіне енген бұйрық ЕАЭО, ЕО елдерінен және әлемнің басқа елдерінен жеткізілген материалдарға, сондай-ақ еліміздің аумағындағы кету пункттері арқылы үшінші елдерге өткізумен ҚР аумағында экспорт кедендік рәсімі бойынша ресімделген тауарларға қатысты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу