Қазақстан аумағында діни радикалдардың әрекеті тоқтатылды

Жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды. 

Қазақстан аумағында діни радикалдардың әрекеті тоқтатылды Фото: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2024 жылғы 20 және 24 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура мен полицияның көмегімен Астана, Шымкент және Ақтөбе өңірлерінің қалаларында діни радикалдар әрекетінің жолын кесу бойынша операциялар жүргізді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми мәліметке сәйкес, жедел қызметкерлер терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адамды ұстап, қамауға алды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 256-бабы 2-бөлігі және 258-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда осы істердің барлық мән-жайын анықтау үшін жедел және тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Айта кету керек, қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу