Қазақстан аумағында Литвадан қосалқы бөлшек ретінде көлік тасымалдаған Беларусь азаматы ұсталды

1065

Қазақстан аумағында Литвадан қосалқы бөлшек ретінде көлік тасымалдаған Беларусь азаматы ұсталды

Жамбыл облысында қымбат көліктерді заңсыз тасымалдағаны үшін 52 жастағы Беларусь азаматы ұсталды, деп мәлім етті Қазақстан Ұлтттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шетелдік азамат "Айшабибі авто" өткізу пункті арқылы Қазақстаннан Қырғызстанға өтпек болған кезінде ұсталды. Ол тіркемесі бар "Ивеко" автокөлігімен Литва–Ресей–Қазақстан–Қырғызстан–Тәжікстан бағдары бойынша келе жатқан. Ер адам шекарашыларға жүктің – 25 түрлі көліктің қосалқы бөлшектерінің құжатын көрсеткен.

"Көлікті инспекциялық-тексеру кешені арқылы байқау кезінде тіркемедегі көлік бөлшектері астынан екі көлік – LandCruser Prado-150 және BMW-X6  анықталды",  делінеді хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу