Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Нигерияның 2 азаматы ұсталды

519

Орал қаласында нигериялық екі азаматтың заңсыз жүргені анықталды деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Қазақстан аумағында заңсыз жүрген Нигерияның 2 азаматы ұсталды Фото: polisia.kz

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде "Мигрант" жедел алдын алу іс-шарасы аясында кешенді тексеріс жүргізіліп жатыр.

"Тәртіп сақшылары Орал қаласында екі нигериялық азаматты байқап, құжаттарын тексереді. Олар Оралда жүру себебін қызмет етуге келуімен түсіндіргенімен, тиісті құжаттары болмаған. Нигериялық азаматтарға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Қажетті құжаттар жинақталып, сотқа жолданды. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам 25 АЕК көлемінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының аумағынан шығаруға жазаланады", – деп хабарлады ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу