Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жазалану мерзімі аяқталды

1461

Бір жылға созылған үзілістен кейін қазақстандық зілтеміршілер Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспақ. 

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жазалану мерзімі аяқталды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті Қазақстан ауыр атлетика федерациясын бір жылға жарыстардан шеттеткен болатын. Өткен аптада жаза мерзімі аяқталды деп жазады Olympic.kz.  

Допинг дауына ілінген ауыр атлетикадан Қазақстан құрама командасы АҚШ-та өткен әлем чемпионаты мен өзге де халықаралық турнирлерге қатысқан жоқ. 

Өткен жұма күні, 19 қазанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаза мерзімі аяқталды.

Бір жылға созылған үзілістен кейін қазақстандық зілтеміршілер Ашхабадта өтетін лицензиялық әлем чемпионатына қатыспақ. 

Әлемдік дода 1-10 қараша аралығында өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу