Қазақстан әужайларында аутизмі бар балаларға арнайы лента бөлінеді

793

Ата-ана әуежай әкімшілігіне ұшардан 48 сағат бұрын өтінім беруі керек.

Қазақстан әужайларында аутизмі бар балаларға арнайы лента бөлінеді

Азаматтық авиация комитеті, "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы және Autism Kazakhstan Ұлттық қауымдастығы өзара бірлесіп жолаушыларды, багажды және жүктерді ұшақпен тасымалдау қағидаларына ерекше өзгеріс енгізбекші. Ол үшін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында аутизм мен менталды ауытқуы бар балаларға ерекше қамқорлықпен қызмет көрсету тәжірибесі сынақтан өткізіледі.
Ұсынылып отырған өзгерту бойынша, жолаушының қолында аутизм диагнозын растайтын ДКК қорытындысы болған жағдайда оған басым тәртіппен қызмет көрсетіледі. Ол үшін әуе билетінде көрсетілген ұшу уақытынан 48 сағат бұрын өтінім беру қажет.

"Әуежайға келгеннен кейін аутизмі бар жолаушыны алып жүретін адамы арнайы ланьярд  (лента) алу үшін анықтама бюросына жүгіне алады. Ланьярд авиациялық қауіпсіздік, тіркеу, әуежайдағы шекара және кеден қызметтерінің өкілдеріне аутизмі бар жолаушыларды жылдам сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда жолаушы аэровокзал ішінде және әуе кемесіне дейін жүріп-тұру үшін мүгедектер арбасын, сондай-ақ ана мен бала бөлмесін пайдалана алады", - деп жазады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу