Қазақстан автонарығы өсті

673

2020 жылдың бірінші жарты жылдық нәтижесінде 36 150 машина сатылып, жаңа көліктер нарығы 12.2 %-ға артты.

Қазақстан автонарығы өсті

Сәуір айындағы құлдыраудан кейін мамыр айында өсім байқалды. Еліміз автомобиль сатылымы жақсы мемлекеттер арасында көш бастады. Бұл үрдіс маусым айында да жалғасын тапқан. Алты айдағы нәтиже бойынша ел нарығы былтырғы деңгейге жетті. 

Маусымда жаңа автокөліктер сатылымы былтырғы жылмен салыстырғанда 36.7 %-ға өсті. Қазақстандық дилерлер 9 163 жеңіл көлік пен жеңіл коммерциялық техника, 761 жүк көлігі мен автобус сатты. 

Жақсы сатылған жеңіл көліктер көшін Ravon R3 (2 041 седан) бастады. Екінші орында Lada Granta (1 915 дана) тұр. Үздіктер үштігін Hyundai Tucson (1 134 дана) түйіндеді. Ал төртінші орын 954 данасы иесін тапқан Lada 4x4 еншісінде. Үздіктер тізімінде Lada Vesta (897 дана) мен Toyota Camry (834 дана) модельдері бар. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу