Қазақстан азаматшасы АҚШ-та оққа ұшты

1967

Бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Қазақстан азаматшасы АҚШ-та оққа ұшты

Құрама Штаттарда Қазақстан азаматшасы оққа ұшты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

Оған оқ атылғаны 16 ақпанда белгілі болды. Мәйіті Сент-Пол қаласының Пейн-Фален ауданындағы пиццерия маңында табылған. 

Сот-медициналық сараптама оны Сент-Полдан келген 34 жастағы Юлия Ли екенін анықтады.

ҚР Сыртқы істер министрлігі оның Қазақстан азаматы екенін растады.
"2022 жылдың 16 ақпанында Миннесота штатының Сент-Пол қаласында Қазақстан Республикасының азаматшасы белгісіз жағдайда қаза тапты. Жергілікті полиция берген ақпарат бойынша, отандасымыз оқ жарақатынан өз автокөлігінде көз жұмды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

"Қылмыс жасады деген күдікті қамауға алынды. Қазақстан консулы марқұмның туыстарымен байланыста", – деді министрлік.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу