Қазақстан азаматшасы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды

928

Қазақстан азаматшасы қазақ-қырғыз шекарасында қайтыс болды

70 жастағы қазақстандық қазақ-қырғыз шекарасындағы "Ақ Тілек" тергеу бөлімінде қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ол гипертониялық кризге шалдыққан, деп хабарлайды Today.kz Шу облысы, ІІББ баспасөз бөліміне сілтеме жасап. 

"1947 жылы туған Қазақстан азаматшасы Альбина Шағымова қырғыз-қазақ шекарасының тексеру бөлімінде қайтыс болды. Ол Қазақстан мен Қырғызстан шекарасынан өткен, сол кезде өзін жайсыз сезінген. Кейін шекара қызметі оған медициналық көмек көрсетті. Содан кейін жедел жәрдем шақырдық", - деді мекеме. 

Оқиға ҚР шекарасын кесіп өткен соң, 13 қазанда болған. 

"Олар алдарынан келе жатқан жедел жәрдемді күтпей жүріп кетті, сосын әйелдің қайтыс болғанын айтты. Алдын ала мәлімет бойынша, гипертониялық кризге шалдыққан. Ұлы денесін Қазақстанға қайтып алып кетті. Диагноз қойылған соң, денені көлікке салып, Қазақстанға қайта кетті", - деп хабарлады баспасөз бөлімі. 

"Қазақстаннан Қырғызстанға кептеліс жоқ, адамдар жақсы өтіп жатыр", - делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу