Қазақстан азаматтардың қауіпсіздігі рейтингінде 81-орында тұр

889

Азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалуы рейтингінде Қазақстанда 167 мемлекеттің ішінде 81-орында тұр. 

Қазақстан азаматтардың қауіпсіздігі рейтингінде 81-орында тұр

Елде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу қызметтерінің көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 10% азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Аталмыш рейтингті даярлаған кезде соғыстар мен қақтығыстар, террорлар мен қылмыстардың азаматтардың қауіпсіздігіне әсері бағаланған. Бірінші орында Швейцария, Норвегия мен Люксембург тұр. Тізімді Оңтүстік Судан түйіндейді. ТМД елдері ішінде Қазақстаннан нәтижесі жақсырақ мемлекеттердің тізімінде Өзбекстан, Армения, Түрікменстан, Беларусь, Қырғызстан, Молдова тұр. Ал Қазақстаннан кейінгі орындардан Тәжікстан, Әзербайжан, Ресей мен Украинаны көруге болады.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу қызметтерінің көлемі құн жағынан есептегенде 64,7 млрд теңгені құраған. 

"Экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмағанда қызметтер көлемі 63,2 млрд теңгені құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 7,2%-ға аз болып отыр. Өңірлерді бөліп қарағанда ең көп қызметтер Алматыда көрсетілген: 15,3 млрд теңге. Өңірлердің көшбасшы үштігіне елорда мен Атырау облысы да кірді. Түркістан облысында ең аз қызмет көрсетілді: барлығы 614,3 млн теңге. Ал ұлттық компаниялар тарапынан сұралған күзет ұйымдарының қызметі құн көрсеткіші жағынан 3,8 млрд теңгеге жеткен", - делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу