Қазақстан азаматтары 1 сәуірден бастап Кореяда визасыз 30 күн бола алады

1438

Бұған дейін екі ел үкіметі арасындағы келісімді Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты тоқтатқан болатын.

Қазақстан азаматтары 1 сәуірден бастап Кореяда визасыз 30 күн бола алады

"Корея Республикасында еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алу қажет", – дейді СІМ баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың "К-ЕТА" электрондық жүйесі жұмыс істейді. Оған сәйкес ол елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктер ұшуға дейін кемі 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электрондық хабарлама түрінде өтініш беру керек. Содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшаққа отырғызудан бас тартуға мәжбүр болады.

Корея Республикасына сапар шегуді жоспарлаған қазақстандықтар осы елде қолданылатын эпидемияға қарсы шаралар туралы ақпаратты еліміздің консулдық мекемелерінен алдын ала нақтылағаны абзал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу