Қазақстан азаматтары әлемнің 32 елінде бизнестегі үлесі мен жылжымайтын мүлікті жария етті

994

Қазақстан азаматтары әлемнің 32 елінде бизнестегі үлесі мен жылжымайтын мүлікті жария етті

Қаржы министрлігі қаражат пен мүлікті заңдастыру бойынша науқан нәтижесі бойынша жаңа деректерді жариялады, оған сәйкес қазақстандықтар әлемнің 32 елінде жылжымайтын мүлік пен бизнестегі үлестерін заңдастырды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА.

"Шетелде 408 жылжымайтын мүлік нысаны және 32 елде заңды тұлғаларға қатысу үлесін жекешелендірді: Аустрия, Армения, Болгария, Белиз, Ұлыбритания, Мажарстан, Виргин  түбегі, Германия, Гонконг, Грузия, Испания, Италия, Қытай, Кипр, Қырғызстан, Латвия, Литва, Лихтенштейн, БАӘ, Ресей, АҚШ, Сингапур, Тайланд, Түркия, Түркіменстан, Өзбекстан, Чехия, Швейцария, Украина, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея", – деді ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінде.  

Бұдан бұрын Үкімет отырысында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстан азаматтары 700 млрд теңгеге (ақшалай 614 млрд теңге, мүлік - 70 млрд теңге) өз шетел активтерін заңдастырғанын хабарлаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу