26 наурыз күні 35 жастағы Қазақстан азаматы Мәскеу-Уфа тасжолында болған жол апатында көз жұмды, деп хабарлайды inform.kz.
"Лада Приора" машинасын тізгіндеген 35 жастағы Қазақстан азаматы қарсы бағытта келе жатқан "ГАЗ-28243" сүт таситын көлігімен соқтығысқан.
Болжам бойынша, ер кісі рульге ие бола алмай қалған. Ол апат орнында көз жұмды. Машина салонында Қазақстаннан екі жолаушы болған. Олар әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу