Қазақстан азаматтары білуге тиіс 2017 жылғы өзгерістер

1210

Қазақстан азаматтары білуге тиіс 2017 жылғы өзгерістер

2017 жылы  айлық есептік көрсеткіш 2269 теңгені құрайтын болады.  Ең төменгі еңбекақы 24 459 теңге деңгейінде белгіленді, ал базалық зейнетақы – 12 802 теңге.  Дегенмен ең төменгі зейнетақы 28 148 теңгені құрайды, ал  ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңге болғалы отыр

Жол ережесі бұзғаны үшін айыппұл өседі

Жылдамдықты 10-20 шақырым/сағатқа асырғаны үшін  10 АЕК-ты құрайтын айыппұл 2017 жылы 22 690 теңгеге тең, ал көлікті тоқтату және қою ережесін бұзғаны үшін 5 АЕК айыппұл 11 245 теңгені құрамақ.

Коммуналдық қызметтердің тарифі өседі

КазТАГ ақпараты бойынша,  2017 жылы  коммуналдық қызметтердің тарифінде де өзгеріс болмақшы.  Атап айтқанда, орташа алғанда тарифтердің өсуі келесідей болады: электр энергиясы – 5,9%; суық су – 7,2% ; су бұру – 5,6%; жылу энергиясы – 10,2% ; ыстық су – 11,8%.

Темекі імен алкоголь бағасы өседі

Ең арзан темекі 2017 жылы 300 теңге тұратын болады. Бір литр арақ 1560 теңге, ал жартылығы 780 теңге тұрады.

ҰБТ өзгереді

Бірыңғай ұлттық тестілеу  – мектептік және жоо-ға түсу болып екі емтиханға бөлінеді.

"Нұрлы жер" бағдарламасы іске қосылады

2017 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы іске қосылады. Ол ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу