Қазақстан азаматтары Оманға визасыз бара алады

932

Оман Сұлтандығының үкіметі әлемнің 103 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 10 күндік визасыз тәртіп енгізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.  

Қазақстан азаматтары Оманға визасыз бара алады

Талаптарға сәйкес Қазақстан азаматтары Оманға кіру үшін шекарадан өту кезінде қонақүйдің брондалғанын, сапар мерзіміне медициналық сақтандырудың бар екендігін растауы қажет. Сондай-ақ қайту әуе билетін, АҚШ, Аустралия, Канада, Жапония, Ұлыбритания немесе Шенген аймағының қолданыстағы визасы бар паспортты көрсетулері тиіс.

"Елде визасыз болуды ұзарту қарастырылмағанын атап өткен жөн. Бұл ережені бұзу әрбір мерзімі өткен күнге 10 омандық риал (шамамен 26 АҚШ доллар) мөлшерінде ақшалай айыппұл төлеуге әкеліп соғады.

Сонымен қатар, елде COVID-19 пандемиясының ары қарай таралуына жол бермеу мақсатында 2020 жылдың 21 желтоқсанында Оман Үкіметі 22 желтоқсан күні сағат 01.00-ден бастап 29 желтоқсан күні сағат 00.59-ге дейін барлық мемлекеттік шекараларды (әуе, жер және теңіз) жабу туралы шешім қабылдағанын ескертеміз", - деді министрліктен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу